Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтер және жұмыс берушілердің Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынатын бос жұмыс орындары туралы мәліметтер негізінде жұмысқа орналасуға мұқтаж және ұйымдар бөлінісінде бос жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастырады.

Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.

Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

  • 50 ден 100 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2% мөлшерінде;
  • 101 ден 250 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3% мөлшерінде;
  • 251 ден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4% мөлшерінде белгілейді.

 

Жұмыс берушілерге

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Сізге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің 2022 жылғы 26 қаңтардағы  № 158-137 «Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысымен 2022 жылға Азаматтардың жекелеген санаттары үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар) жұмыс орындарының квотасын орындау бойынша ұйымдардың тізбесіне қосылғаныңызды хабарлайды.

Осыған байланысты, Қаулыда бекітілген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты тоқсан сайын, тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсыну қажеттігі туралы l.zidlyaeva@czn.kzb.rakisheva@czn.kz электрондық поштаға хабарлауыңызды сұраймыз.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 98-бабына сәйкес жұмыс орындарының бекітілген квотасын орындамағаны үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін) ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес мекемелерге – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуына алып келеді.

  1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
  1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы
  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы”қаулысы
  1. Мүгедек адамдарға арналған бос орындар
  1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған бос орындар
  1. Жастарға арналған бос орындар

Барлық сұрақтар бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл бөліміне Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша хабарласу қажет. Тел.: +7 700 956 98 09