Әлеуметтік жұмыс орындары

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында “халықты жұмыспен қамту туралы” Заңның 20 – бабы 2-тармағының 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады:

1) балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;

2)зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

3) мүгедектер;

4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

7) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар жатады;

8) қандастар;

9) терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатта болады.

Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.

Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін үміткер Мансап орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

3) білімі туралы құжат (бар болса).

Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.

бос жұмыс орындарын қарау