Жұмыссыз азаматтарға тегін онлайн курстардан өту мүмкіндігі беріледі!

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген skills.enbek.kz порталы Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыз тұлғаларға онлайн курстардан өтуге мүмкіндік береді.

Портал келесі мамандықтар мен кәсіби салалар бойынша тегін курстар ұсынады:

1) копирайтинг;

2) дизайн (анимация, веб-дизайн, баспа дизайнері);

3) автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру;

4) жылыжай бизнесі (құлпынай, көкөніс, микрозелень, саңырауқұлақ, лимон, қызанақ өсіру);

5) пішу және тігу;

6) кассир;

7) кондитерлік өнімдері;

8) персоналды басқару (HR);

9) фермер шаруашылығы (үй құстарын ұстау, ІҚМ, қоян, балық өсіру);

10) ара шаруашылығы;

11) сабын жасау;

12) туризм саласындағы бизнес (қонақ үй бизнесі, туристік маршруттар, агротуризм, іскерлік туризм).

Ресурс мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сайтта көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа ұсынылған. Курстардан өту қорытындысы бойынша Сертификат беріледі.

ЕСКЕРТУ! «Жұмыссыз» мәртебесі болуы қажет. Онлайн курстан өту үшін Сізге skills.enbek.kz  немесе enbek.kz  «Онлайн оқыту» сілтеме бойынша өту керек. Экранның оң жағындағы сүзгіні пайдаланып, авторизациядан өтіп, қажетті курсты таңдаңыз.

Қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары, білім беру мекемелері курстардың авторлары мен әзірлеушілері болып табылады. Жаңа бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін порталда онлайн курстарды құру бойынша әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар әзірленіп, орналастырылды.

Барлық сұрақтар бойынша +7 700 956 9834 нөміріне хабарласуыңызға болады.

Жұмыссызға арналған нұсқаулық

Оқуды бастаңыз