Жұмыс орындар квотасы туралы есеп

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Сізге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтің 2022 жылғы 26 қаңтардағы  № 158-137 «Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысымен 2022 жылға Азаматтардың жекелеген санаттары үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар) жұмыс орындарының квотасын орындау бойынша ұйымдардың тізбесіне қосылғаныңызды хабарлайды.

Осыған байланысты, Қаулыда бекітілген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты тоқсан сайын, тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсыну қажеттігі туралы l.zidlyaeva@czn.kz, b.rakisheva@czn.kz электрондық поштаға хабарлауыңызды сұраймыз.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 98-бабына сәйкес жұмыс орындарының бекітілген квотасын орындамағаны үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін) ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес мекемелерге – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуына алып келеді.

«Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы Халықты жұмыспен қамту орталығының www.czn.kz. сайтында орналастырылған.

Квота бойынша есеп беру формасы