Қоғамдық жұмыстар

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Қоғамдық жұмыстарды мансап орталығымен жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар:

1) жұмыссыздар

2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.

Жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қабылданған үміткермен еңбек шартын жасасады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыстарға қатысатын адаммен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді.

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеуді Мансап орталығы ай сайын жүргізеді.

бос жұмыс орындарын қарау