
ЕСІМОВ ТАЛҒАТ ОРАЛҰЛЫ
Директордың орынбасары
Білімі: Жоғары Есімов Талғат Оралұлы 1990 жылы 10 желтоқсан айында Ақмола облысы, Степногорск қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді «Құқықтану» мамандығы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2011 жылы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де, есеп жөніндегі техник ретінде бастады.
- 2012-2013 жылдар аралығында «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де менеджері.
- 2013 жылы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, есеп жөніндегі технигі.
- 2013-2014 жылдар аралығында «Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ, менеджері.
- 2014-2017 жылдар аралығында «Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ, аналитикалық-жинақтау бөлімінің маманы.
- 2017 жылы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, жұмысқа орналастыру бөлімі басшысының орынбасары.
- 2017 жылы «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, уақытша жұмысқа орналастыру бөлімі басшысының орынбасары.
- 2017-2018 жылдар аралығында «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, жұмыс берушілерді қолдау бөлімі басшысының орынбасары.
- 2018 жылы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.
- 2018-2021 жылдар аралығында «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бас маманы.
- 2021 жылдың 15 қазаннан бастап «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары болып тағайындалды.

НҰРМАҒАМБЕТОВА АЛМА АШАРБЕКҚЫЗЫ
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөніндегі директордың орынбасары
Білімі: Жоғары
Алма Ашарбекқызы Нұрмағамбетова 1989 жылы 17 ақпанда дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін “Педагог-психолог”мамандығы бойынша бітірген. Қарағанды қаласындағы “Болашақ” университетінде “Құқықтану”мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар.
Жұмыс тәжірибесі:
- Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қаласындағы “№82 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ педагог –психолог болып бастады.
- 2013 жылдан 2017 жылға дейін “Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-де маман болып жұмыс істеді.
- 2018 жылдан 2019 жылға дейін “Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-де бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
- 2019 жылдан 2020 жылға дейін “Қарағанды облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасы” ММ –і мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінде бас маман лауазымын атқарды.
- 2020 жылы “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-де бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
- 2021 жылдың қаңтар айынан бастап “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ директорының орынбасары болып тағайындалды.

ЖАМАНБАЕВ СӘБИТ НҰРЛАНҰЛЫ
Директордың орынбасары
Білімі: Жоғары
Жаманбаев Сәбит Нұрланұлы 1990 жылы 30 тамызда дүниеге келген. Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
- 2010-2011 жылдары – «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы.
- 2011-2015 жылдары – «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-де, уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы.
- 2015-2021 жылдары – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы