Күміс жас

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Жобаның қатысушылары зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) болып табылады.

“Күміс жас” жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткер жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

3) білімі туралы құжат (бар болса).

“Күміс жас” жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;

“Күміс жас” жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақы мөлшерінің 50% – ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды “Күміс жас” жобасына қатысу 12 айдан аспайды

 

Нұр-Сұлтан қ., 18 хабарландыру 52 бос орындар