Атаулы әлеуметтік көмек

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек.

 

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

 

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кедейлік шегі 2022 жылдың 1 тоқсанында – отбасының бір мүшесіне 29532 теңгені құрайды.

 

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Шартты ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Атаулы әлеуметтік көмекке кім үміткер бола алады?

  • зейнеткерлер;
  • бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектер;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдар;
  • құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасылар;
  • күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттар;
  • тұрақты жұмысы бар адамдар.

 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды:

 

  • табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
  • алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
  • материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

 

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру

 

Адам (өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

Өтінімді қарау мерзімі 15 жұмыс күні (өтінім берілген күн болып саналмайды).

 

Өтінімдерді қайда беру керек?

  1. “Жанұя”ИКЖК, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік, д. 9, 1 қабат
  2.  Электрондық үкімет порталы egov.kz

 

Барлық қажетті ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:

«Алматы» ауданының атаулы – әлеуметтік көмек көрсету бөлімі: +7 700 956 98 20

«Байқоныр» ауданының атаулы – әлеуметтік көмек көрсету бөлімі: +7 700 956 98 13

«Есіл» ауданының атаулы – әлеуметтік көмек көрсету бөлімі: +7 700 956 98 16

«Сарыарқа» ауданының атаулы – әлеуметтік көмек көрсету бөлімі: +7 700 956 98 24

 

egov.kz электронды үкімет порталында өтініш беру бойынша нұсқаулық

Заңнамалық база

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 Заңы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығы