Арнайы жұмыс орындары

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орнын құру жөніндегі ақпарат

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылады, арнайы жұмыс орындары жұмыс берушілерді субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.

Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, жинақтауға, құралдарды орнатуға, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге арналған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

2024 жылы есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін, бір арнайы жұмыс орнын құру мақсатында 1108000 теңге бөлінді.

Арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамның жалақысына ай сайынғы субсидиялар мөлшері:

  1. жұмысқа орналасудың алғашқы 12 айында – жалақы мөлшерінің 70%
  2. жұмысқа орналастырудың 13-24 айын қоса алғанда – 65%
  3. 25 айдан 36 айға дейін жұмысқа орналастыру қосылған – 60%.

«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығын орындау үшін, мүгедектігі бар адамдарға арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидиялар беру тәртібі мен шарттары айқындалды.

Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына арналған өтінімдерді жинауды жүзеге асырады.

Жұмыс беруші Мансап Орталығына жүгінген кезде өтінімге:

1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға және мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге арналған шығыстар сметасы;

2) банкте шоттың болуы туралы анықтама.

Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығына хабарласуды сұраймыз: Бейбітшілік көшесі, 9, 24-95-86, 24-94-84, +7 700 956 98 34.

Пайдалы ақпарат:

Мүгедек адамдарға арналған бос орындар