Астана қаласында 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Жұмыс берушілердің назарына!

Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 158-3615 «Астана қаласында азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысымен жекелеген санаттағы азаматарды жұмысқа орналастыру үшін квота бекітілді.

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылға арналған қаулысының тізіміне енген кәсіпорындар саны:
– мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы-692 ұйым;
– пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы-52 ұйым;
– бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота -52 ұйым;
— ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы-20 ұйым.

Жұмыс берушілерге

Астана қаласы әкімінің «Астана қаласында азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 158-3615 қаулысына сәйкес жұмыс берушілер қаулыда көрсетілген белгіленген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін, электрондық поштаға l.zidlyaeva@czn.kz b.rakisheva@czn.kz .

Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/documents/details/380324?lang=ru

 

Анықтама:

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 98-бабына сәйкес жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамағаны үшін (мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ұйымдардың түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін ескертуге әкеп соғады.

Пайдалы ақпарат:

  1. Ауыр жұмыстарды, еңбек Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
  2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы 
  3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
  4. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

Барлық сұрақтар бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл бөліміне Бейбітшілік көшесі, 9 мекен-жайы бойынша хабарласу қажет. Тел.: 24-87-71; 24-87-14; 24-87-29; 24-89-38; 24-87-14, 24-87-79 8-700-956-98-09