Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы онлайн кездесу өтті

Жарияланған күні:
2021-16-04 сағат 16:38

Ағымдағы жылдың 15 сәуірі Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармаларымен және Жұмыспен қамтудың жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде жобаларды жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп 2021 жылы ЖҚЖК іске асырудың негізгі мәселелерін қарастыру және талқылау үшін онлайн-кездесу өткізді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы С.О.Нұрғожина ЖҚЖК-нің негізгі міндеттерін атап өтті: жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу; елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және халықты кірістермен қамтамасыз ету арқылы жұмыс орындарын құру. Сонымен бірге, жүктелген міндеттерді уақытында және сапалы орындау қажеттілігі туралы айтылды.
Ағымдағы жылы елордада Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1006 уақытша жұмыс орындарын құрумен 21 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 50% жұмыспен қамту орталығы арқылы және 454 тұрақты жұмыс орны.
ЖҚЖК міндетерін жүзеге барысы туралы бірлескен отырыстар жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен әр аптаның бейсенбі күндері өтетін болады.

Жарияланған күні: 2021-16-04 сағат 16:38
Сілтеме https://czn.kz/zh-myspen-amtudy-zhol-kartasyn-iske-asyru-turaly-onlajn-kezdesu-tti/