Мүгедектігі бар адамдарға арналған шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Жарияланған күні:
2024-17-04 сағат 22:51

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде елордалық Еңбек мобильділігі орталығы (Мансап орталығы) жұмыс берушілермен байланыс бөлімі мүгедектігі бар адамдарға арналған шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Шағын жәрмеңкеге 6 жұмыс беруші қатысып, әр түрлі қызмет салалары бойынша әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс 126 бос жұмыс орынды ұсынды.

Жарияланған күні: 2024-17-04 сағат 22:51
Сілтеме https://czn.kz/m-gedektigi-bar-adamdar-a-arnal-an-sha-yn-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi/