Жұмыс берушілер үшін 2022 жылға өтінім қабылдау басталды

Жарияланған күні:
2021-12-10 сағат 17:20

Құрметті, Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!

Халықты жұмыспен қамту орталығы Қоғамдық жұмыстар, Жастар практикасы, Әлеуметтік жұмыс орындары, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты жұмысқа орналастыру бағдарламалары аясында жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауды бастады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдерді жинау қаржыландыру лимитіне сүйене отырып, жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жайлы толық ақпаратты czn.kz сайтынан немесе 8(7172) 57 89 35; 72 93 56 телефондары арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, 29 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарға арналған.

“Ұрпақтар келісімшарты” зейнеткерлікке шығатын еңбеккерлерді ауыстыруға кадрлар даярлайтын жастарға арналған.

“Жастар тәжірибесі” бағдарламасы үш жыл бұрын диплом алған, жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі ЖОО түлектері арасында жүзеге асырылады. Өту ұзақтығы – 6 ай.

“Қоғамдық жұмыстар”- Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

Жарияланған күні: 2021-12-10 сағат 17:20
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushiler-shin-2022-zhyl-a-tinim-abyldau-bastaldy/