«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру үшін өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды.
Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;
Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырылады;
– әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда белгіленген жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды;
Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі көрсетілген өтінім бланкісі орталықтың www.czn.kz ресми сайтында орналастырылған.
Өтініштер «Documentolog» электронды құжат айналымы жүйесінің көмегімен қабылданады (egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы).
Сұрақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, 51-89-35; 72-93-56 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Жұмыс берушінің алдағы 2021 қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы өтініші