Сұранысқа ие мамандықтарға курстар жүргізілуде

Жарияланған күні:
2021-11-07 сағат 3:02

“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы “КММ 2021 жылы бекітілген сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес жұмыссыз азаматтар қатарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге ниет білдірушілерді күнделікті тіркейді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды.
Оқу кезінде 21 787 теңге мөлшерінде стипендия беріледі, сондай-ақ медициналық анықтамадан өткені үшін 2 АЕК өтеледі.

Кәсіптік оқытуға мына номірлер арқылы жазба жүргізіледі:

8(7172)57-88-88,
8(7172)57-89-78,
8(7172)95-44-16

Немесе Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» БО мекенжайы бойынша жүргізіледі.

2021 жылға арналған сұранысқа ие мамандықтар тізімі:

1.Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері

2.Жиһаз дизайнері

3.Арматуршы

4.Тас қалаушы

5. Автомобильдерді жөндеу жөніндегі Слесарь

6.Автоэлектрик

7.Ағаш ұстасы

8.Әрлеу жұмыстарының шебері

9. Краншы Машинист

10.Электргазбен дәнекерлеуші

11.Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтеры

12.Слесарь-сантехник

13.Шаштараз шебері

14.Киберқауіпсіздік саласындағы маман

15.Үлкен деректер талдаушысы

16.Есепші

17.Кондитер

18.Наубайшы

19.Аспазшы

20.Тәрбиеші

21.Тәрбиешінің көмекшісі

22.Бақылаушы кассир

23.SMM менеджері

24.Тігінші

25.Тігінші (портной)

Жарияланған күні: 2021-11-07 сағат 3:02
Сілтеме https://czn.kz/s-ranys-a-ie-mamandy-tar-a-kurstar-zh-rgizilude/