Ағымдағы жылдың 12 ақпанында сағат 10.00-13.00 аралығында елорданың жұмыспен қамту Орталығы Бейбітшілік көшесі 14 мекен-жайы бойынша орналасқан, «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығында ШАҒЫН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізеді, сондай-ақ, оқуға және жұмысқа орналасқысы келетін жұмыссыз азаматтарға арналған мастер класс өтеді.
Аталған іс-шараның мақсаты жұмыс іздеуде жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру болып табылады.
Мастер-классты «BERGEN.qz» әлеуметтік шеберханасы ұйымдастырады. Ұйым мүмкіндігі шектеулі және психоәлеуметтік бұзылыстары бар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге – тоқу және жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Осындай шағын жәрмеңке апта сайын, әр сәрсенбі күні өткізілетін болады.