Ағымдағы жылдың 12 ақпанында сағат 10.00-13.00 аралығында елорданың жұмыспен қамту Орталығы ШАҒЫН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізеді

Жарияланған күні:
2020-12-02 сағат 5:04

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында сағат 10.00-13.00 аралығында елорданың жұмыспен қамту Орталығы Бейбітшілік көшесі 14 мекен-жайы бойынша орналасқан, «Жанұя» отбасы институтын қолдау  Орталығында ШАҒЫН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІН өткізеді, сондай-ақ, оқуға және жұмысқа орналасқысы келетін жұмыссыз азаматтарға арналған мастер класс өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты жұмыс іздеуде жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру болып табылады.

Мастер-классты «BERGEN.qz» әлеуметтік шеберханасы ұйымдастырады. Ұйым мүмкіндігі шектеулі және психоәлеуметтік бұзылыстары бар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге – тоқу және жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Осындай шағын жәрмеңке апта сайын, әр сәрсенбі күні өткізілетін болады.

Жарияланған күні: 2020-12-02 сағат 5:04
Сілтеме https://czn.kz/press-reliz/