Жұмыс берушінің құқықтары
1.Кадрларды іріктеуде тегін қызмет алуға құқылы
2.Мүгедектерге жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға кеткен шығындарға субсидия алуға құқығы бар.Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі
3.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін жастар практикасын ұйымдастыра алады.
4.Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде еңбек ақыны субсидиялау арқылы мемлекеттің қолдауымен әлеуметтік жұмыс орындарын құра алады
5.Мамандарды оқытып, одан әрі өз ұйымында жұмысқа орналастыру мақсатында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушы өтініш беруіне болады
Жұмыс берушінің міндеттері
1.ҚР-НЫҢ «Халықты жұмыспен қамту » туралы Заңының 28-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жіберуі қажет
2. ҚР-НЫҢ «Халықты жұмыспен қамту » туралы Заңының 27-бабына сәйкес жұмыс беруші азаматтардың келесі санаттары үшін:
– ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға
– мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге)
– бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға
– пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға квоталы жұмыс орындарын құруға міндетті