Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру

Жарияланған күні:
2021-8-09 сағат 16:33

Егоров Виталий Валерьевич 3 топ мүгедегі. Ол 2021 жылғы тамыз айында елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп жүгінді. 16 тамыз күні “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Астана-Имсталькон” ЖШС-не нысан күзетшісі ретінде жұмысқа орналастырылды.

Күзеттің негізгі міндеті – күзетілетін нысанда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Күзетілетін нысанда мекемеге өткізу және ғимаратішілік режимдерді қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған ғимаратты тұрақты түрде аралап шығу және тексеру Виталий Валерьевичтің лауазымдық міндеті болып табылады.

Ол күзетілетін нысан аумағына бөгде адамдарды кіргізбейді, қажет болған жағдайда рұқсатнама береді және тексереді. Бүгінгі таңда оның жалақысы 70 000 теңгеден жоғары.

“Астана-Имсталькон” ЖШС “Ғимараттар құрылысы” және “Құрылыс” салаларына жатады. Өнеркәсіптік және азаматтық объектілерді салуда көп жылдық тәжірибесі бар Қазақстандағы өз ісінің кәсіби мамандар компаниясы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру бойынша “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-не жүгінуге болады.

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО

Байланыс телефондары: 8 (7172) 72 93 41; 8 (7172)57 85 42; 8 (7172) 95 44 23.

Жарияланған күні: 2021-8-09 сағат 16:33
Сілтеме https://czn.kz/m-mkindigi-shekteuli-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru/