Халықты жұмыспен қамту орталығы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға шақырады

Жарияланған күні:
2022-15-09 сағат 19:22

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға шақырады.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де келесі Бос жұмыс орындар ашылды:
• Тәрбиеші;
• Диеталық тамақтану бойынша мейірбике;
• Балабақшадағы бала күтушісі;
• Медициналық бике / аға.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК-да әлеуметтік қызметкердің бос жұмыс орны бар.
«Қамқор Локомотив» ЖШС «Астана локомотив жөндеу депосы» филиалы токарь мен газ дәнекерлеушінің бос жұмыс орындары ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, барлық сұрақтар бойынша сіз телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 700 956 98 35, 8 (7172) 24-95-81 жастарды жұмыспен қамту бөліміне немесе Бейбітшілік көшесі, 9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына.

Жарияланған күні: 2022-15-09 сағат 19:22
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-y-rpa-tar-kelisimsharty-zhobasyna-atysu-a-sha-yrady-2/