ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:03

«Еңбек» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданына ерікті түрде қоныс аудару бойынша 03-04 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қоныс аударушылар үшін!!! Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 204190 теңге қайтарымсыз берілетін болады.
1 адам – 204190 теңге;
2 адам – 408380 теңге;
3 адам – 612570 теңге;
4 адам – 816760 теңге;
6 адам – 1225140 теңге;
7 адам – 1429330 теңге;
8 адам – 1633520 теңге;
Қоныс аударушыларға мынадай мүмкіндіктер беріледі:
1. Тиісті бағдарлама шеңберінде жаңадан салынған (сатып алынған) тұрғын үйлер беру;
2. Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберу;
3. Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
4. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушының (қоныс аударғандар) отбасына тұрғын дайын болғанша 12 ай бойы АЙ САЙЫН тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге мынадай мөлшерде материалдық көмек беріледі:
– Бір адам үшін – 15 АЕК (43755 теңге);
– Отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК (52506 теңге);
– Отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК (61257 теңге) мөлшерінде төленеді.

Кеңес алу үшін:
8(708) 866- 50-87 нөміріне хабарласуға болады.
Қабылдау: сағ.10-00 ден 17-00-ге дейін өткізіледі.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» Іскерлік Орталығы.

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:03
Сілтеме https://czn.kz/elorda-t-r-yndaryny-nazaryna/