2021 жылғы  кәсіптік оқыту курстарының мамандықтар тізімі мен бөлінген орын саны белгілі болды

Жарияланған күні:
2021-19-02 сағат 3:46

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында  жүзеге асырылатын 2021 жылғы  қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстарының  мамандықтар тізімі мен бөлінген орындар саны  белгілі болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты  жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын  кәсіптік оқу курстарында келесі мамандықтар қолжетімді:

Аспаз  (Жалпы  профиль) – 30

Наубайшы (Жалпы  профиль) – 15

Тігінші (Тігін операторы) – 30

Портной – 40

Шаштараз – 25

Кондитер – 15

Кассир-бақылаушы – 10

Тәрбиеші көмекшісі – 2

Тәрбиеші – 8

SMM менеджер – 5

Дәнекерлеуші (слесарь) – 5

Слесарь-сантехник – 5

Кран машинисті – 5

Электрик -техник – 5

Барлығы:  200

2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушылар-халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар.

Бағдарламаға қатысушылар мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі, оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы және медициналық тексеруден өту үшін 5 556 теңге (2 АЕК) мөлшерінде материалдық көмек төленеді.Оқу мерзімі оқытылатын мамандыққа байланысты 2-3 ай.

Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша: +7 775 753 43 91/ 8 (7172) -954424, 954416 нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Жарияланған күні: 2021-19-02 сағат 3:46
Сілтеме https://czn.kz/2021-zhyl-y-k-siptik-o-ytu-kurstaryny-mamandy-tar-tizimi-men-b-lingen-oryn-sany-belgili-boldy/