Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 706 адам жұмысқа орналастырылды

Жарияланған күні:
2019-12-12 сағат 15:43

Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 706 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 703 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 404 адам, уақытша жұмысқа – 3 адам, жастар тәжірибесіне – 17 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 33 адам, қоғамдық жұмысқа – 249 адам жіберілді).

Қысқа мерзімді оқытуға 48 адам жіберілді (тігінші, аспазшы, тігінші, визажист, шаштараз, әкімші, сауда менеджері, наубайшы және маникюр шебері мамандықтары бойынша).

«Жас кәсіпкер» және «Бастау Бизнес»  жобалары бойынша қысқа мерзімді оқыту және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту аяқталғаннан кейін 42 мүмкіндігі шектеулі адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беруге арналған бизнес-жобалар мақұлданды.

Жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Есепті кезең бойынша «Жастар» сарайында 6 қалалық бос жұмыс орындары  жәрмеңкесі және халықты жұмыспен қамту орталығы  базасында жұмыссыз азаматтарға арналған 15 шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, қаланың білім беру жүйесінен кадрлар таңдау және т. б.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады.

Основной формой трудоустройства инвалидов является квотирование рабочих мест. Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Астана қаласының ұйымдарында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарды есепке алмай, қызметкерлердің тізімдік санының 2-ден 4 пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квоталары белгіленді. Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар квоталауға жатады. Апта сайын жұмыспен қамту Орталығы жұмыс берушілермен азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы кездесу ұйымдастырады.

 

Сондай-ақ, жұмыс берушілер мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия ала алады.

Жарияланған күні: 2019-12-12 сағат 15:43
Сілтеме https://czn.kz/c-nachala-goda-trudoustroeno-706-chelovek-s-ogranichennymi-vozmozhnostjami/