Жақында мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында, олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия берілетін болды.
«Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-1-бабына сәйкес, аталмыш шара қолға алынып отыр.
Аталған ақпарат күшіне еніп, мүгедектерге жаңа жұмыс орнын ашқан кәсіпкерге 280 000 теңге субсидия беріледі.
Бұл қаржыға:
Тірек–қимыл аппараты зақымданған, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедекетерге арналған арнайы жұмыс орындарына:
-
Биіктікті өзгерту мүмкіндігі және жұмысқа бейімді беті бар үстел;
-
Биіктікті өзгерту және отыру және арқа бейімді мүмкіндігі бар орындық;
-
Компьютер;-
-
Қосымша аяқ салғыш;
-
Қосымша шынтақ сүйеніші;
-
Қозғалысты жеңілдетуге арналған қосымша таяныштар мен тұтқалар;
-
Вертиколизатор;
-
Заттар мен бөлшектерді қармауға және ұстауға арналған аспаптар, құрылғылар;
-
Мүгедектің шектелуін өтеумен байланысты өзге де арнайы жабдықтар мен аспаптар.
Есту қабілетінен айырылған жандарға:
-
Жарық беру;
-
Қауіпті жағдайда белгі беретін жанып-өшетін жарық құрылғысы;
-
Жарықпен дыбыс шығаратын құрылғы;
және өзгеде құрылғылар кіреді.
Субсидия алу тәртібі және қажетті құжаттар:
-
Өтінім https://www.enbek.kz сайтына тіркеліп, электронды түрде беру;
-
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе сол туралы анықтама;
-
Жұмыс орнындағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен шығын сметасы;
Аталмыш құжаттарды Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет
Сондай-ақ, уақытша жұмыс орнын ашатын жұмыс берушіге субсидия берілмейді!
Анықтама телефоны: 8 (7172) 95-44-21
Астана қаласы әкімдігінің
Халықты жұмыспен қамту орталығы