Жұмыс берушілердің назарына!

Жарияланған күні:
2018-19-10 сағат 23:41

Жақында мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында, олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия берілетін болды.

«Елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-1-бабына сәйкес, аталмыш шара қолға алынып отыр.

Аталған ақпарат күшіне еніп, мүгедектерге жаңа жұмыс орнын ашқан кәсіпкерге 280 000 теңге субсидия беріледі.

Бұл қаржыға:

Тірек–қимыл аппараты зақымданған, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедекетерге арналған арнайы жұмыс орындарына:

  • Биіктікті өзгерту мүмкіндігі және жұмысқа бейімді беті бар үстел;

  • Биіктікті өзгерту және отыру және арқа бейімді мүмкіндігі бар орындық;

  • Компьютер;-

  • Қосымша аяқ салғыш;

  • Қосымша шынтақ сүйеніші;

  • Қозғалысты жеңілдетуге арналған қосымша таяныштар мен тұтқалар;

  • Вертиколизатор;

  • Заттар мен бөлшектерді қармауға және ұстауға арналған аспаптар, құрылғылар;

  • Мүгедектің шектелуін өтеумен байланысты өзге де арнайы жабдықтар мен аспаптар.

Есту қабілетінен айырылған жандарға:

  • Жарық беру;

  • Қауіпті жағдайда белгі беретін жанып-өшетін жарық құрылғысы;

  • Жарықпен дыбыс шығаратын құрылғы;

және өзгеде құрылғылар кіреді.

Субсидия алу тәртібі және қажетті құжаттар:

  1. Өтінім https://www.enbek.kz сайтына тіркеліп, электронды түрде беру;

  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе сол туралы анықтама;

  3. Жұмыс орнындағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен шығын сметасы;

Аталмыш құжаттарды Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет

Сондай-ақ, уақытша жұмыс орнын ашатын жұмыс берушіге субсидия берілмейді!

Анықтама телефоны: 8 (7172) 95-44-21

Астана қаласы әкімдігінің

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Жарияланған күні: 2018-19-10 сағат 23:41
Сілтеме https://czn.kz/informacija-dlja-rabotadatelej/