“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы” КММ-не жұмыс сапарымен барды.
Олар аталған орталықтағы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды жұмысқа орналастыру және тарту мақсатында сауалнама жүргізді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған іс – шарада 35 адамнан сұхбат алынды.
Оның ішінде 5 мүгедек, денсаулық жағдайы бойынша -15 жұмысқа жарамсыз, 5 адамның құжаттарды қалпына келтірілуін күтіп жүрген белгілі болды.