Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шара

Жарияланған күні:
2021-21-09 сағат 23:27

“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы” КММ-не жұмыс сапарымен барды.

Олар аталған орталықтағы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды жұмысқа орналастыру және тарту мақсатында сауалнама жүргізді. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған іс – шарада 35 адамнан сұхбат алынды.

Оның ішінде 5 мүгедек, денсаулық жағдайы бойынша -15 жұмысқа жарамсыз, 5 адамның құжаттарды қалпына келтірілуін күтіп жүрген белгілі болды.

Жарияланған күні: 2021-21-09 сағат 23:27
Сілтеме https://czn.kz/mirlik-iyn-zha-daj-a-tap-bol-an-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru-bojynsha-is-shara/