Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында балаларға арналған сурет байқауы ұйымдастырылды.
•«Мейірімділік әлемді құтқарады»
•«Алтын күз»,
•«Еркін тақырып» номинациялары бойынша 5-7 жас аралығындағы кішкентай суретшілер өз шығармаларын ұсынды.
Бейнелеу өнерінің кез келген техникасында (қарындаш, бояу, акварель, гуаш) салынған суреттер қабылданды.
Балалардың жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы – Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері анықтады.