Бүгін Елордада әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі бастау алды.

Жарияланған күні:
2020-23-10 сағат 16:28

Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында балаларға арналған сурет байқауы ұйымдастырылды.

•«Мейірімділік әлемді құтқарады»
•«Алтын күз»,
•«Еркін тақырып»  номинациялары бойынша 5-7 жас аралығындағы кішкентай суретшілер өз шығармаларын ұсынды.

Бейнелеу өнерінің кез келген техникасында (қарындаш, бояу, акварель, гуаш) салынған суреттер қабылданды.

Балалардың жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы – Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері анықтады.

Жарияланған күні: 2020-23-10 сағат 16:28
Сілтеме https://czn.kz/segodnja-v-stolice-nachalsja-professionalnyj-prazdnik-socialnyh-rabotnikov/