«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға жастар тәжірибесі ұйымдастыру үшін өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды.
Жастар тәжірибесі алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, алған кәсібі (мамандығы) бойынша 3 жыл бойы оқуды аяқтаған, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арнайы арналған.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын жұмыспен қамту Орталығы республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.czn.kz ресми сайтында орналастырылған.
Өтініштер «Documentolog» электронды құжат айналымы жүйесінің көмегімен қабылданады (egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы).
Сұрақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, 51-89-35; 72-93-56 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Сұраныс Алдағы 2021 қаржы жылына жұмыс беруші жастар практикасын ұйымдастырғаны үшін