Орталық туралы

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталығы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыс істейді.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Астана қалаларында жергілікті атқарушы органдармен 2011 жылы құрылды.

Қазақстанда 200 халықты жұмыспен қамту орталығы бар.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін ұсынылады.

Жұмыспен қамту орталықтарында арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді және бірыңғай жұмыс стандарттары қолданылады.

 

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА НЫСАНЫ

Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша персоналды менеджердің жеке консультациялары

Жұмыс берушілерден бос жұмыс орындарын тіркеудің көп арналы тәртібі – жұмыспен қамту орталығында және Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz)

Ең ірі түйіндеме дерекқорына қол жеткізу мүмкіндігі

Жұмыс берушілерге талап етілетін дағдылар бойынша қызметкерлерді кәсіби іріктеу

Жұмыс іздеушілердің жұмыс берушілермен, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында сұхбаттасу ұйымдастыру

Жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша әлеуетті жұмыскерлерге қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру

Уақытша жұмыс орындарын құру үшін мемлекеттік субсидиялар

 

АЗАМАТТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕМЕЛЕР

Әр клиентке атаулы қарым-қатынас. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын дайындау

Ең ірі бос жұмыс орындар дерекқорына қол жеткізу мүмкіндігі

Бос жұмыс орын нұсқаларын таңдау. Азаматтарға лайықты жұмыс іздеуге жәрдемдесу

Электронды еңбек биржасы арқылы «Online» режимде халықты жұмыспен қамту орталықтарымен түйіндемелерді алмастыру

Өз бетімен жұмыс іздеу үшін техникалық ресурстармен қамтамасыз ету – жұмыспен қамту орталығында өзіне-өзі қызмет көрсетузоналарында Электронды еңбек биржасына кіру мүмкіндігі

Жұмысқа орналастыру немесе оқыту бойынша кәсіптік бағдарлау

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдау

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ АРНАЙЫ ШАРАЛАРЫ

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Жұмыс берушілер мен азаматтарды еңбек нарығындағы жағдай туралы хабардар ету

Оқушылардың түрлі кәсіптер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру

Жұмыспен қамту орталығымен көрсетілетін қызметтерді көрсете отырып, жұмыс берушілердің мақсатты топтарына арналған роуд-шоу ұйымдастыру

Жұмыссыз азаматтарды психологиялық қолдау

 

АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу

Жұмыссыз ретінде тіркеу

Мемлекеттік гранттар

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындары

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

Лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Кәсіптік оқыту

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

Әлеуметтік жұмыс орындары

Қоғамдық жұмыстар

Жастар практикасы

Микрокредит бойынша кеңес беру

Ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу

Атаулы әлеуметтік көмек

Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер

 

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Жұмыс берушілер үшін жұмыскерлерді таңдау

Жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша кәсіптік оқыту

Жұмыс орындарын құруды субсидиялау

Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсыну

Жұмысшылардың босатылуы туралы мәліметтерді ұсыну