Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындары

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындары

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 6 және 13-тармақшаларын орындау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы 28 тамызда мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау ережесі мен шарттарын әзірледі (ҚР ЕХӘҚМ № 280 бұйрығы).

Осы Ережеге сәйкес жұмыс берушілерге мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар өтеледі (1 жұмыс орны – 2 млн.295 мың теңге).

Осыған байланысты, «Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көру қабілеті бұзылған мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілердің ұсыныстарын қабылдайды және қарайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруға дайын жұмыс берушілерге «Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не субсидиялауға өтінім берулерін сұраймыз.

Барлық қажетті ақпаратты 72-93-41, 95-44-23 телефондары арқылы білуге болады.