«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) 2021 жылғы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасын ұйымдастыруға қатысуға өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты төлеп отыратын, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жыл уақыттан астам жұмыс істейтін барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы – «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны болашақта зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп жүрген қызметкердің орнына жұмысқа орналастыруға бағытталған қызмет.

Бағдарламаға қатысушылар – жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз тұлғалар.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысушылардың еңбек ақысын Жұмыспен қамту орталығы төлейді.

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі Орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында орналастырылған.

 

Сұрақтар бойынша: НұрСұлтан қ., Бейбітшілік ксі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, тел. 72-93-56; 57-89-35, 57-88-86, +77053297719 хабарласуға болады.