Cубсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау

Жарияланған күні:
2023-13-10 сағат 18:29


Жұмыс берушілердің назарына!
Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап мемлекеттік Еnbek.kz интернет-порталы арқылы 2024 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырғысы келетін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталады.
Жұмыс берушілер өз кәсіпорнында келесі субсидияланатын жұмыс орындары: «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» «Күміс жас» жобалары шеңберінде ұйымдастыра алады.
Бұл жұмыс беруші Еңбек мобильділігі орталығымен келісімшарт негізінде жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшін құратын жұмыс орындары.
Субсидияланатын жұмыс орындарын құру кезінде тұрақты жұмыс орындарына бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды.
Субсидияланатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жұмыс беруші Enbek.kz мемлекеттік порталдағы жеке кабинетте онлайн-өтінім бере алады (сілтеме бойынша бейне нұсқаулық https://www.youtube.com/watch?v=rWvyakXQiKk )
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 31 қазанға дейін жалғасады.
Субсидияланатын жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте бір жылдан астам жұмыс істейтін және салық төлемдері, әлеуметтік аударымдар және жалақы бойынша берешегі жоқ жұмыс берушілер қатысуға өтінім бере алады.
Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың барлық мәселелері бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, 129-кабинет. Байланыс: 24-87-14, 24-95-69, 24-96-39.

Жарияланған күні: 2023-13-10 сағат 18:29
Сілтеме https://czn.kz/7041-2/