«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1212 қатысушысы өткен жылы грант алып, өз бизнесін іске қосты

Жарияланған күні:
2020-14-02 сағат 19:58

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктілік алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.

2019 жылы 1212 адам грант алып, өз ісін ашқандығын айта кеткен жөн. Оның ішінде: жастар -858 , көп балалы отбасылар -6, мүгедектер-59 , АӘК алушылар-33.

Бағдарлама істі жан-жақты дамыту үшін бастау алуға және арманды іске асыруға мүмкіндік береді. Арешкин Артем-тамаша көрнекі мысал. 2019 жылы сәуір айында Артем Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. Кеңес алғаннан кейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша қатысуды шешті. Кейін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бағдарламасына қатысуға шешім қабылдады. Артем «Электротехникалық және монтаждау жұмыстары» бизнес-идеясын ұсынды. 252 500 теңге көлеміндегі алынған грантқа қажетті жабдықтар сатып алды. Артем әрдайым өз қолдарымен лампочкалардан электронды декорациялар жасауды жақсы көретін. Бүгінгі күні Retro Light қызметтері нарықта сұранысқа ие, өйткені әзірге көрсетілетін қызметтерге ұқсасы жоқ.

Сондай-ақ, жоғары оқу орнын бітірген жастарға үлкен көңіл бөлінеді және қолдау көрсетіледі. Сонымен, Мукашова Айнур 2018 жылы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін» «Сәулет» мамандығы бойынша бітірді. Ол 2019 жылдың 4 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығына жүгінді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініш білдірген күні жастар тәжірибесіне «Группа компаний Табыс Плюс» ЖШС жіберілді. Тәжірибе аяқталғаннан кейін өзін жауапты және жұмысқа тартылған қызметкер ретінде көрсетіп, 2019 жылы 16 қыркүйегінде сәулетші ретінде тұрақты жұмысқа қабылданды. Айнұр, жастар тәжірибесін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді, өйткені осы бағдарлама тәжірибе алуға және кейіннен мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

Ал егер сіздің өз бизнесіңіз болып, сіз оны әрі қарай кеңейткіңіз келсе. Елордалық жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несие беру бойынша кеңес айтып, екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) жолдама береді.

Бақыт Қажмұқан университетті бітіріп, отбасылық бизнесті одан әрі дамытуды шешті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы білгеннен кейін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқып шықты. Автобөлшектерді сату нарығын зерделей отырып, қазіргі уақытта көптеген автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жиі қажет екенін түсінді, осыған байланысты, авто бөлшектерін сатып алып, Бақыт өз ісін кеңейтуді ұйғарды. 2019 жылдың наурыз айында сертификат алып, Бақыт Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығына шағын несиелеу бойынша кеңес алу үшін жүгінді. Шағын несие беру шарттарымен танысып, барлық қажетті құжаттарды жинап, «Ақжол авто» ЖК автобөлшектермен бөлшек сауда жасау үшін шағын несие алды. Бақыт орын сатып алып, ұсынылатын тауарлардың ассортиментін арттырды, бұл бизнестің дамуына, сондай-ақ нарықтың қамтылуына жаңа серпін берді. Қазіргі уақытта Бақыттың қала бойынша 3 сауда нүктесі жұмыс істейді, бизнесі тұрақты табыс әкеледі. Авто бөлшектер мен сатылымдарға деген сұраныс өсуде. Сондай-ақ, бизнесті кеңейту оған халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыруға, бизнес идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, жұмыспен қамтуға, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын адамдарға тұрақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді

 

Жарияланған күні: 2020-14-02 сағат 19:58
Сілтеме https://czn.kz/1212-uchastnikov-gosprogrammy-e-bek-za-proshedshij-god-poluchili-grant-i-zapustili-svoj-biznes/