Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары HR директоры Сәуле Истлеевамен, адам ресурстарын басқару департаментінің HR бизнес серіктесі Р.Алимхановпен, қызметкерлерді іздеу және іріктеу блогының бас менеджері Қ. Махамеджановамен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Тараптар «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс», «Жастар тәжірибесі» жобалары аясында субсидияланатын жұмыс орындарын бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылап, ынтымақтастыққа ниеттерін білдірді.