Жастарды «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға шақырамыз

Жарияланған күні:
2022-18-08 сағат 18:10

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жастарды қатысуға шақырады.
Жобаға 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған жастар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатыса алады.
Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін үміткер жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді: жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы құжат (бар болса).
Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Бос жұмыс орындары: Инженер-құрылысшы, Кадрлар жөніндегі инспектор, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Инженер, Инновациялық технологиялар инфрақұрылымының инженері, Бейне маманы, Бағдарламашы, Техник, музыкалық эфир менеджері, Тәрбиеші, Тәрбиешінің көмекшісі, Әкімші, Курьер, Кеңсе менеджері, Іс жүргізуші, Актер.

Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз: 8 708 956 98 08, 8 (7172) 24-95-81

Жарияланған күні: 2022-18-08 сағат 18:10
Сілтеме https://czn.kz/zhastardy-al-ash-y-zh-mys-orny-zhobasyna-atysu-a-sha-yramyz/