ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ – ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:42

Білім алдың, әңгімелесуге бардың, бірақ барлық жерде жұмыс тәжірибесі қажет пе? Олай болса, “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына қосылыңыз.
Жарты жылдық тәжірибе барысында Сіз баға жетпес тәжірибе ғана емес, біліктілікті арттыру және армандаған жұмысқа орналасуға мүмкіндік аласыз.
Жастар практикасы жас мамандар үшін іс-тәжірибе жинақтауда таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама – ЖОО және ТжКБ түлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Қатысушының жасы -29 –дан аспауы керек. Жұмыс істеу мерзімі 6-ай.
Еңбекақы мөлшері: 80 432 тенге.

Жастар практикасы оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді жұмысқа бейімдеу мақсатында ұйымдастырылатын бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектер қатысады.
Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығы биыл 900 жас маманды іс тәжіридеден өтуге жұмысқа жіберуді көздеп отыр. Жыл басынан бері 301-жас маман мемлекеттік бағдарлама бойынша іс тәжірибеден өтіп жатыр.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамту орталығы – әлеуметтік осал топ азаматтары пробацияда тұрған, жетім балалар, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Кеңес алу үшін
8(7172) 72-93-56
8 705 329 77 19
8 775 902 73 53;
8 705 318 9792;
8(7172) 72- 93- 41;
8(7172) 95-44-23 телефон номерлеріне хабарласып білуге болады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25,”Өркен”Іскерлік үйі
@bilim_jane_gylym
@akimat_nur_sultan
@enugumilyov_official
@turan.college.astana

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:42
Сілтеме https://czn.kz/zhastar-t-zhiribesi-t-zhiribe-ala-y/