Жастар сарайында мерекелік концерт өтті

Жарияланған күні:
2023-26-10 сағат 15:48

Бүгін, 26 қазанда Жастар сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Іс-шараға елорда халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Салтанатты рәсім аясында саланың үздік қызметкерлері «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сондай-ақ Астана қаласы әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Сонымен қатар, салалық кәсіподақ атынан Әлеуметтік сала қызметкерлері «Кәсіподақ қайраткері» медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Жұмыспен қамту басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелері арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Жарияланған күні: 2023-26-10 сағат 15:48
Сілтеме https://czn.kz/zhastar-sarajynda-merekelik-koncert-tti/