Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Жастар практикасы- тиімді бағдарлама

 «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3ші бағыты – Жастар практикасы. Бұл  жұмыссыз жүрген жастарды жұмыспен қамтып, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік беретінін  бағдарлама.   Іс-тәжірибеден өтетіндерге 80 000 теңге жалақы төленеді. Өз мамандығын  терең үйреніп, тәжірибе жинағысы келетін жастар  бұл бағдарлама туралы жақсы біледі.  

Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығы  биыл  900 жас маманды  іс тәжіридеден өтуге жұмысқа жіберуді көздеп отыр.  Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы  181  мекемемен келісімшарт жасалды.  Ол жерде 638 – ге жуық  бос орын беріліп  отыр.

Жастар практикасына қаысушы  жас маманнның бірі  Қалиева Әнел Аликқызы.  Қазақстан  экономика, қаржы және халықаралық сауда  Университетінің    «Кеден ісі»  мамандығы бойынша диплом алған. Қазір  ҚР Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің   «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша   Мемлекеттік кірістер департаментінде» іс-тәжірибеден өтіп жатыр.    Ақпан  айында Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, сол күні өзі таңдаған мекемеге жолдама берілді.

Жастар практикасы оқуды аяқтағаннан соң 3 жыл ішінде алған кәсібі немесе мамандығы  бойынша  жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектерді  жұмысқа бейімдеу мақсатында  ұйымдастырылатын   бағдарламаға  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындарын аяқтаған 29  жасқа дейінгі  түлектер қатысады.

Жастар  тәжірибесі бойынша ақпарат алу үшін  мына байланыс телефондарына хабарласу керек.

☎️ +7 705 329 7719; 8 777 116 82 73; 57-89-12;

Жарияланған күні: 2021-5-03 сағат 12:43
Сілтеме https://czn.kz/zhastar-praktikasy-tiimdi-ba-darlama/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: