“Жастар практикасы” бағдарламасы қатысушысы

Жарияланған күні:
2021-8-09 сағат 17:00

Турлыбекова Аружан Жаскайратқызы 2021 жылы “Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті” КЕАҚ-да Есеп және аудит мамандығының дипломын алды. Халықты жұмыспен қамту орталығына шілде айында жұмыс іздеп келді.

Орталық мамандары 2021 жылғы 3 шілдеде “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша “Анобтаниум” ЖШС-не Есеп және аудит мамандығы бойынша жолдама берді. Қазіргі таңда “Анобтаниум” ЖШС-де “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтіп жатыр.

Жастар практикасы соңғы 3 жылда оқуды аяқтаған түлектер қатарындағы жұмыссыздарға арналған арнайы бағдарлама. Бағдарламаға қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс. Ұзақтығы 6 айдан аспайды. Маман өз біліктілігін көрсете алса, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Бағдарламаға қатысу үшін жұмыссыз тұлғалар Халықты жұмыспен қамту орталықтарына нысан бойынша өтініш жазып, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; – еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда); – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жас мамандарды “Жастар практикасы” бағыты бойынша “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға шақырады!

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО

Байланыс телефоны: 8 (7172) 72 93 31; 8 (7172) 72 93 56; 8 (7172) 57 89 35.

Жарияланған күні: 2021-8-09 сағат 17:00
Сілтеме https://czn.kz/zhastar-praktikasy-ba-darlamasy-atysushysy-2/