ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – бұл жас мамандар үшін практикалық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі.
Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 29 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама.
Осы Бағдарламаға қатысушылардың бірі – ҚАЗБЕК ИСЛАМ АЛТЫНБЕКҰЛЫ.
2020 жылы Қазақ Экономика , қаржы және халықаралық сауда университетін “Ақпараттық жүйелер” мамандығы бойынша бітірген.
Жас маман Ислам Алтынбекұлы 2021 жылдың 18 наурыз айында Халықты жұмыспен қамту орталығына алғаш рет жұмыс іздеуші ретінде келді.
Ағымдағы жылдың 25 наурыз айынан бастап “Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-де “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды.
Жүйелік бағдарламашылардың қызметі жүйелік бағдарламалық жасақтамамен жұмыс жасау болып табылады.
Маманның міндеті:
– Құрылымдық бағдарламалаудың негізгі принциптерін әзірлейді;
– Бағдарламалық жасақтама түрлерін жасайды;
– Бағдарламаларды дайындау жұмыстарын орындайды.
– Техникалық ақауларды ретке келтіреді;
“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ” бағдарламасы бойынша толық ақпаратты Нұр – Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығынан біле аласыз!
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25. «Өркен» БО.
Байланыс телефондары:
8 (7172) 72 93 56
8 (7172) 57 89 35