«Zhas Project» жобасын іске асыру туралы ақпарат

Жарияланған күні:
2024-21-02 сағат 21:16

 

«Zhas Project» негізгі мақсаттары:
Жастардың дамуы үшін жағдай жасау, NEET санаты, жастардың осал топтары, жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін іс жүзінде қызығушылық пен маңызға ие жастар идеялары мен жобаларын қолдау, қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік және кәсіби өсу бойынша жаңа білім мен дағдыларға үйрету. Жастар санаты жобасының арқасында NEET өз идеяларын жүзеге асыруға, қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік алады.

Жастардан өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 25 наурыздан бастап, 2024 жылдың 24 сәуір сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Конкурс шенберінде Астана каласы бойынша 20 женімпаз аныкталады, шағын грант сомасы 1 000 000 тенгеге дейін.

2023 жылы «ZHAS PROJECT» жастар корпусын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде шағын грант алған өтініш берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмейді
Іріктеу нәтижелерін қорытындылау және жариялау ұйымдастырушының интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде 2024 жылдын 15 мамыр күні орналастырылады.

Бұдан әрі жеңімпаз қатысушылармен оқыту жүргізіледі. Тәлімгерлер, лекторлар және кәсіби жаттықтырушылар шақырылады және сертификаттар табысталады.
Әлеуметтік жобаны іске асыруға арналған шағын гранттың мерзімі 4 айдан аспауға тиіс.
Спикерлердің айтуынша, гранттық қаражат грант алушылардың шотына түспейді. Жобалық кеңсе гранттық өтінімдер сметасында көрсетілген тауарлар, қызметтер, жабдықтар үшін төлемдер жүргізетін болады.

Барлық сатып алынған тауарлар грант алушыларда қалады.
Жобаны өтініш беруші 4 айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.

Жарияланған күні: 2024-21-02 сағат 21:16
Сілтеме https://czn.kz/zhas-project-zhobasyn-iske-asyru-turaly-a-parat/