![](https://czn.kz/wp-content/uploads/2023/05/IMG_5147-scaled.jpg)
Ағымдағы жылдың 17 мамыр айында Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов «Астана қаласының білім басқармасы» ММ-мен бірлесіп жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын түсіндіру мақсатында жалпы білім беретін мектептердің директорларымен ЗУМ форматында онлайн-кездесу өткізді.
Конференция барысында тараптар «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарын бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.