Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін құжаттарды қабылдау басталды

Жарияланған күні:
2021-26-01 сағат 20:34

Елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды тағайындау бойынша құжаттарды қабылдауды бастады.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке (2021 жылға арналған сома 583 400 теңге) дейінгі мөлшерде беріледі.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізінде оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған жұмыссыз адамдар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік грант алу үшін үміткер тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, келесі құжаттарды ұсынады:

1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
4) Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.
Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын өз қызметін салық органдарында тіркеу немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды.
Мемлекеттік грантқа үміткер кәсіпкерлер үшін мемлекеттік грантқа өтініш берген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша:
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарласыңыз, мекен-жайы Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО, тел.: 95-44-16, 95-44-24, +7 775 753 43 91.

Жарияланған күні: 2021-26-01 сағат 20:34
Сілтеме https://czn.kz/zha-a-biznes-idejalardy-iske-asyru-shin-zhattardy-abyldau-bastaldy/