Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында 60 өтініш қаралып, 37 жоба мақұлданды (“АУЫЛДӘМ” консерві өндіру цехы, “Chicken house Astana” тағам жеткізу, тапсырыс бойынша аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындау, клининг қызметтері, жартылай фабрикаттарды дайындау, сұлулық салоны, Ұлттық киім тігу ательесі, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және басқалар).
Халықты жұмыспен қамту орталығы “Бастау бизнес” курсын немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтағандар қатарынан грант алуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда.
Анықтама үшін: биыл 400 грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 166 жобаны мақұлдады. 2021 жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына, Бейбітшілік к-сі, 25, “Өркен”БО-ға хабарласуға болады.
@akimat_nur_sultan
@upravlenie_zanyatosti
@saule_nurgozhina