Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Жарияланған күні:
2021-6-08 сағат 22:04

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

26 үміткерге мемлекеттік грант беру мақұлданды (дидактикалық оқу материалдарын дайындау, жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық қызметтері және басқалар).

Анықтама үшін: 2021 жылға барлығы 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Комиссия жыл басынан бері 332 жобаны мақұлдады.

Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583.400 теңге (200 АЕК).

Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» БО.

Байланыс телефондары:
8(7172) 954416;
8(7172) 954418.

Жарияланған күні: 2021-6-08 сағат 22:04
Сілтеме https://czn.kz/zha-a-biznes-idejalardy-iske-asyru-shin-memlekettik-grant-alu-a-mitkerlerdi-tinishterin-arau-zh-nindegi-komissijany-kezekti-otyrysy/