Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Жарияланған күні:
2021-12-08 сағат 22:20

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

10 үміткерге мемлекеттік грант беру мақұлданды ( жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық қызметтері және басқалар).

Анықтама үшін: 2021 жылға барлығы 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Комиссия жыл басынан бері 342 жобаны мақұлдады.

Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583.400 теңге (200 АЕК).

Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» БО.

Байланыс телефондары:
8(7172) 95 44 16;
8(7172) 95 44 18.

Жарияланған күні: 2021-12-08 сағат 22:20
Сілтеме https://czn.kz/zha-a-biznes-idejalardy-iske-asyru-shin-memlekettik-grant-alu-a-mitkerlerdi-tinishterin-arau-zh-nindegi-komissijany-kezekti-otyrysy-2/