Өткен жылдың үшінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда жұмыссыздар саны 2019 жылға қарағанда 2,8% өскен. Осылайша жұмыссыздық мәселесі 5% құраған. Бұл цифрлық көрсеткіштерді Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитеті таратқан. Ал, 2021 жылдағы ахуал қалай екен? Еліміздегі жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы қандай мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып отыр? Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Аталмыш сауалдарға жауап іздеу мақсатында елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Толығырақ https://el.kz/news/kogam/zh-myssyzdy-_derek_pen_d-yek/