Ағымдағы жылдың 13 қазанында жұмыссыз жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Хан Шатыр» СОО және «Keruen City» СОО-да Халықты жұмыспен қамту орталығының жастарды жұмыспен қамту бөлімі мамандарының сапары өтті.
Мамандар сауда-ойын-сауық орталықтарына келушілер арасында жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қосымша ақпаратты 24-96-32, 24-96-20, 24-96-39, 24-83-10, 24-96-61, +7 700 956 98 35 телефондары арқылы жастарды жұмыспен қамту бөліміне хабарласуға болады.